«Қазақстан Республикасының
Салық консультанты» онлайн-курсы
Салық консультанты — салық және сабақтас заңнаманы бір мезгілде білетін салық саласындағы сарапшы. Ол салықтарды жоспарлаудың, есептеудің, төлеудің және оңтайландырудың дұрыстығына жауап береді. Ірі компанияларда, бухгалтерлік және заң ұйымдарында жұмыс істейді, сондай-ақ жеке консультант ретінде қызмет атқарып, салық органдары мен соттарда салық төлеушілердің мүддесін білдіреді.
Салық консультантының дағдылар ауқымы өте кең:
- Кәсіпкерлерге, басшыларға кеңес беру;
- Болжамдар жасау;
- Шығыстарды оңтайландыру;
- Салық тексерулері барысында салық төлеушілердің мүддесін білдіру және қатысу;
- Салықтық есептіліктің дұрыс жасалуын талдау және тексеру;
- Заңнаманы біледі және өзгерістерге тез бейімделеді.
«Салық консультанты» онлайн-курсынан өтіп, осы дағдыларды меңгеріңіз. Сауатты маман жоғары жалақылы жұмысты міндетті түрде табады және өзіне шынымен қызық іспен айналыса алады.
Артықшылықтар
60 акад. сағатқа сертификат
Онлайн форматтағы емтихандар
Таратылатын материал
Сертификаттаудың мақсаты
- Есеп қай жерде бірдей екенін, салықтық есепте дұрыс көрсету үшін ХҚЕС туралы нені білу керегін талдаймыз;
- КТС бойынша кірістер мен шегерімдерді дұрыс анықтауды, салықтық тәуекелдерден аулақ болу үшін құжаттарды дұрыс ресімдеуді үйренесіз;
- Салық салынатын және салынбайтын айналымдарды дұрыс анықтауды, неге міндетті түрде назар аудару керегін үйренесіз, сондай-ақ ҚҚС-ты есепке жатқызу тәртібін талдаймыз;
- СК үшін «резидент» және «резидент емес» ұғымдарын, жұмысқа рұқсат болса не қызметкер ЕАЭО елдерінің бірінің азаматы болса, айырмашылық неде екенін талдаймыз;
- Арнаулы салық режимдерінің барлық түрін, 01.01.2022 ж. бастап жұмыс істейтін жаңа арнаулы режимді, олардың айырмашылығын, қай режимді қашан қолдану тиімді екенін талдаймыз.
Мақсатты аудитория
- Бухгалтерлер
- Басшылар
- Бизнес-білім беру бағдарламаларының тыңдаушылары
- Кәсіпкерлер
- Заңгерлер
- Компанияның қаржылық басшылығы
Күні
Күні 17 маусым — 22 шілде дс, ср, жм
Уақыты
Уақыты 18.00 — 21.00 5 акад. сағат
Серіктестер


Курс бағдарламасы
Кіріспе сабақ / ХҚЕС негізделген Салық кодексінің нормалары
Салық заңнамасын оқығанда көптеген ұғымдар мен есеп модельдері бухгалтерлік есепке және ХҚЕС-ке негізделген; есеп қай жерде бірдей екенін және салықтық есепте дұрыс көрсету үшін ХҚЕС туралы нені білу керегін талдаймыз
Активтерді есепке алу (НҚ, ТМҚ)
Салықтық және бухгалтерлік есеп, есептегі айырмашылықты талдаймыз
2024 жылы заңнамадағы өзгерістер
2023 жылы болған кейбір маңызды өзгерістерді және 2024 жылдан бастап күшіне енген өзгерістерді қарастырамыз
Корпоративтік табыс салығы
КТС бойынша кірістерді дұрыс анықтау
Корпоративтік табыс салығы
КТС бойынша шегерімдерді дұрыс анықтау
Корпоративтік табыс салығы
100.00-нысанды талдау
Корпоративтік табыс салығы / КТС бойынша аванстық төлемдерді есептеу
КТС бойынша аванстық төлемдер
Арнаулы салық режимдері
Арнаулы салық режимдерінің барлық түрін, олардың айырмашылығын, қай режимді қашан қолдану тиімді екенін талдаймыз
Қосылған құн салығы
Сіз салық салынатын және салық салынбайтын айналымдарды дұрыс анықтауды, неге міндетті түрде назар аудару керегін үйренесіз. ҚҚС-ты есепке жатқызу тәртібін талдаймыз
Қосылған құн салығы
ҚҚС-ты есепке жатқызу тәртібін талдаймыз. Нақты мысалдар негізінде СК нормалары қалай қолданылатынын және түсіндірілетінін қарастырамыз. Резидент еместер үшін ҚҚС
ЖТС — жеке тұлғаларға, ҚР азаматтарына салық салу
Сіз салық шегерімдері мен түзетулерді дұрыс қолдануды үйренесіз, АҚХ шарттары бойынша салық салуды талдаймыз. Жеке тұлғалардың материалдық және заттай нысандағы кірістерін қарастырамыз
ЖТС — жеке тұлғаларға, шетелдіктерге салық салу
СК үшін резидент және резидент емес ұғымдарын, жұмысқа рұқсат болған жағдайда айырмашылық неде екенін талдаймыз
Резидент емес заңды тұлғалардың кірістерінен төлем көзінен ұсталатын КТС
Халықаралық шарттар мен конвенциялар қалай қолданылатынын талдаймыз. Төлем көзінен КТС қалай және қандай ставка бойынша есептеліп, ұсталатынын қарастырамыз
Салықтық аудит
Есеп жүргізудің дұрыстығына сенімді болу үшін ішкі салықтық аудитті қалай жүргізу керегін талдаймыз
Салықтық әкімшілендіру
Салық органдарымен өзара іс-қимыл бойынша СК нормалары қалай қолданылатынын, қандай қателер жіберілетінін, қорғанысты қалай құру керегін практикалық мысалдарда талдаймыз
Барлығы:
«ҚР Салық консультанты» сертификаттауы туралы толығырақ сілтеме бойынша білуге болады
Lorem ipsum dolor sit amet consectetur?
Жауап мәтіні.
Lorem ipsum dolor sit amet consectetur?
Жауап мәтіні.
Lorem ipsum dolor sit amet consectetur?
Жауап мәтіні.
Lorem ipsum dolor sit amet consectetur?
Жауап мәтіні.
Lorem ipsum dolor sit amet consectetur?
Жауап мәтіні.
Lorem ipsum dolor sit amet consectetur?
Жауап мәтіні.
Lorem ipsum dolor sit amet consectetur?
Жауап мәтіні.
Lorem ipsum dolor sit amet consectetur?
Жауап мәтіні.