Компания туралы
«Қазақстан Республикасының Кәсіби Бухгалтерлер Палатасы» КБП тарихы
«Қазақстан Республикасының Кәсіби Бухгалтерлер Палатасы» бухгалтерлердің кәсіби ұйымы (ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитетінің 03.08.2021 ж. № 198 бұйрығы негізінде берілген № KZ81VNJ00000078 аккредиттеу туралы куәлігі) — бұл бухгалтерлік кәсіп пен бухгалтерлік есептің дамуы мен одан әрі жетілдірілуіне жәрдемдесу деген бірыңғай мақсатқа біріккен Қазақстан Республикасының 15 000-нан астам жоғары білікті сертификатталған бухгалтері мен бухгалтерлік ұйымы.
«Қазақстан Республикасының Кәсіби Бухгалтерлер Палатасы» КБП жоғары кәсіби стандарттарды белгілеу және сақтау арқылы Қазақстан экономикасының дамуына жәрдемдеседі, кәсіп тәжірибесі неғұрлым елеулі салаларда қоғамдық мүдделерді қорғайды.
«Қазақстан Республикасының Кәсіби Бухгалтерлер Палатасы» КБП мақсаты — халықаралық стандарттарды енгізу және бухгалтерлердің белсенді кәсіби қызметі үшін жағдай жасау. Бухгалтерлік және салықтық заңнаманы, бухгалтерлік есеп саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу. Тәжірибе алмасу үшін семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар өткізу. Палатаның жарғысы мен құрылтай құжаттары Халықаралық бухгалтерлер федерациясының (IFAC) талаптарына сәйкес әзірленген. Айта кету керек, жаңа халықаралық стандарттарды енгізу және жетілдіру мақсатында 2011 жылғы 16 қарашадан бастап «Қазақстан Республикасының Кәсіби Бухгалтерлер Палатасы» КБП Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясының (IFAC) мүшесі болды.
Нормативтік құжаттар
Біліктілікті арттыру туралы ереже
Жүктеп алуАккредиттеу туралы куәлік
Жүктеп алуМүшелік туралы ереже
Жүктеп алуЭтика кодексі
Жүктеп алуБізбен ынтымақтасады
Біздің серіктестер
Салық салу, бухгалтерлік есеп
және ХҚЕС саласындағы
ҚР жоғары білікті мамандары
Коломейцева Елена Борисовна
CAP сертификатталған практик-бухгалтер, ҚР Кәсіби бухгалтерлер палатасының мүшесі
ПодробнееПасько Елена Муратовна
CPA EURASIA II Practic, CPA EURASIA «Қаржылық есеп және есептілік маманы (ХҚЕС)» дипломы, CPA EURASIA «Ішкі аудитор» дипломы, ҚР аудиторы, DipIFR ACCA (rus), CAP, IPFM, ҚР Кәсіби бухгалтері
ПодробнееБанных Ирина Николаевна
ҚР аудиторы, ҚР 1-санатты салық консультанты, CPA Eurasia, CIPA, CAP, ҚР және РФ Кәсіби бухгалтері
Подробнее








