«Қазақстан Республикасының
Кәсіби Бухгалтері» ұлттық
сертификаттауы
Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жария мүдделі ұйымның бас бухгалтері лауазымына кәсіби бухгалтер тағайындалады (Заңның 9-бабы). Кәсіби бухгалтер — Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 455 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес кәсіби бухгалтер сертификаты бар жеке тұлға .
Кәсіби бухгалтер сертификаты — бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым берген, бухгалтердің кәсіби біліктілігін куәландыратын құжат (Заңның 1-бабының 9-тармақшасы).
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 455 бұйрығымен бекітілген кәсіби бухгалтерлерге қойылатын Біліктілік талаптарының 1-тармағына сәйкес, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым берген сертификаттың болуы міндетті.
Кәсіби бухгалтерлікке үміткер — біліктілік талаптарына сай келетін, аккредиттелген ұйым ұйымдастыратын емтихандарды тапсыру арқылы кәсіби біліктілік алуға ұмтылатын маман.
Артықшылықтар
Бастауды таңдау
Оқуды кез келген пәннен бастауға болады
Ыңғайлы емтихандар
Олар Қазақстанның кез келген қаласында күндізгі форматта өтеді
Вебинарлардың жазбасы
Барлық пәндер бойынша
Сертификатты жеткізу
Сәтті тапсырғаннан кейін жеткізу қызметімен жіберіледі
Оқу құралы
қағаз тасығыштағы тапсырмалар мен тесттермен
Мақсатты аудитория
- Бухгалтерлер
- Басшылар
- Бизнес-білім беру бағдарламаларының тыңдаушылары
- Кәсіпкерлер
- Заңгерлер
- Компанияның қаржылық басшылығы
80 академ. час.
Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша қаржылық есеп және есептілік
- Құны
- 110 000 теңге
- Палата мүшелері үшін құны
- 100 000 теңге
50 академ. час.
Салықтар
- Құны
- 70 000 теңге
- Палата мүшелері үшін құны
- 60 000 теңге
50 академ. час.
Құқық
- Құны
- 70 000 теңге
- Палата мүшелері үшін құны
- 60 000 теңге
40 академ. час.
Этика
- Құны
- 65 000 теңге
- Палата мүшелері үшін құны
- 55 000 теңге
50 академ. час.
Басқарушылық есеп
- Құны
- 70 000 теңге
- Палата мүшелері үшін құны
- 60 000 теңге
50 академ. час.
Қаржы және қаржылық менеджмент
- Құны
- 70 000 теңге
- Палата мүшелері үшін құны
- 60 000 теңге
Серіктестер


Кәсіби бухгалтерлерге сертификаттау шарттары
- Кәсіби бухгалтерлікке үміткерлерді сертификаттауды сертификаттау жөніндегі ұйым жүзеге асырады.
- Сертификаттау жөніндегі ұйым кәсіби бухгалтерлікке үміткерлерді сертификаттау бағдарламалары бойынша материалдарды әзірлеуді, шығаруды және таратуды жүзеге асырады, емтихан процесін ұйымдастырады.
- Сертификаттау жөніндегі ұйым мынадай талаптарға сай болуға тиіс:
3.1) оқытудан тәуелсіз емтихан жүйесінің болуы;
3.2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына шолуды қамтитын емтихан модульдерінің және оларды жаңарту жүйесінің болуы;
3.3) бір немесе бірнеше кәсіби ұйыммен өзара іс-қимыл туралы келісімнің болуы;
3.4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен аккредиттеу қағидаларына сәйкестігі.
Бір немесе бірнеше кәсіби ұйыммен өзара іс-қимыл туралы келісімнің болуы туралы талапты сақтау аккредиттеу туралы куәлік берілген сәттен бастап алты ай өткеннен кейін міндетті. - Кәсіби бухгалтерлікке үміткерлерді сертификат алу үшін емтихандарға қатысуға жіберу кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
- Емтихан тапсырған адамдар уәкілетті органмен келісілген нысан бойынша бірыңғай үлгідегі сертификат алады. Сертификаттың қолданылу мерзімі шектелмеген.
Сертификаттауға қойылатын біліктілік талаптары
- Жоғары білім;
- Бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру, есеп-талдау салаларындағы немесе жоғары, орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласындағы соңғы кемінде үш жылдық жұмыс өтілі, ол нотариат куәландырған не кадр қызметі, не жұмыс беруші және ұйымның мөрімен (ол болған кезде) расталған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесімен расталуға тиіс.
Сертификаттауға тіркелу үшін кәсіби бухгалтерлікке үміткер, аудиторлыққа үміткерлерді аттестаттау жөніндегі Біліктілік комиссиясы берген «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігі бар адамды қоспағанда, мынадай құжаттарды ұсынады:
- пән (пәндер) атауы көрсетілген өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- жоғары білімді растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
- бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру, есеп-талдау жұмысы саласындағы немесе жоғары, орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласындағы соңғы кемінде үш жылдық жұмыс өтілін растайтын құжаттардың нотариат не кадр қызметі, не жұмыс беруші куәландырған көшірмелері;
- адвокатқа немесе нотариусқа, не судьяға біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі (ол болған кезде);
- тиісті халықаралық сертификаттардың көшірмелері (олар болған кезде);
- жекелеген емтихандарды тапсыру туралы жазбаша хабарлама немесе өзге құжат (болған кезде).
Кандидат мынадай пәндер бойынша білімін растауға тиіс:
- «ХҚЕС бойынша қаржылық есеп және есептілік»;
- «Салықтар»;
- «Құқық»
- «Қаржы және қаржылық менеджмент»
- «Басқарушылық есеп»
- «Этика»
Пәндер бойынша емтихандар құрылымы
1. ХҚЕС сәйкес қаржылық есеп — 3 сағаттық емтихан 3 сағаттық емтихан
Емтихан тапсырмалары екі бөлімнен тұрады:
1-бөлім. Төрт ситуациялық есепті шығару.
2-бөлім. Тестілеу.
20 тест, әр сұраққа 4 жауап нұсқасы, олардың бірі дұрыс.
Емтиханның оң нәтижесі: 50 балл және одан жоғары (100 балдан)
2. Салықтар — 3 сағаттық емтихан 3 сағаттық емтихан
Емтихан тапсырмалары екі бөлімнен тұрады:
1-бөлім. Төрт ситуациялық есепті шығару.
2-бөлім. Тестілеу.
20 тест, әр сұраққа 4 жауап нұсқасы, олардың бірі дұрыс.
Емтиханның оң нәтижесі: 50 балл және одан жоғары (100 балдан)
3. Құқық — 3 сағаттық емтихан 3 сағаттық емтихан
Емтихан тапсырмалары екі бөлімнен тұрады:
1-бөлім. Төрт ситуациялық есепті шығару.
2-бөлім. Тестілеу.
20 тест, әр сұраққа 4 жауап нұсқасы, олардың бірі дұрыс.
Емтиханның оң нәтижесі: 50 балл және одан жоғары (100 балдан)
4. Қаржы және қаржылық менеджмент — 3 сағаттық емтихан 3 сағаттық емтихан
Емтихан тапсырмалары екі бөлімнен тұрады:
1-бөлім. Төрт ситуациялық есепті шығару.
2-бөлім. Тестілеу.
20 тест, әр сұраққа 4 жауап нұсқасы, олардың бірі дұрыс.
Емтиханның оң нәтижесі: 50 балл және одан жоғары (100 балдан)
5. Басқарушылық есеп — 3 сағаттық емтихан 3 сағаттық емтихан
Емтихан тапсырмалары екі бөлімнен тұрады:
1-бөлім. Төрт ситуациялық есепті шығару.
2-бөлім. Тестілеу.
20 тест, әр сұраққа 4 жауап нұсқасы, олардың бірі дұрыс.
Емтиханның оң нәтижесі: 50 балл және одан жоғары (100 балдан)
6. Этика — 3 сағаттық емтихан 3 сағаттық емтихан
Емтихан тапсырмалары екі бөлімнен тұрады:
1-бөлім. Төрт ситуациялық есепті шығару.
2-бөлім. Тестілеу.
20 тест, әр сұраққа 4 жауап нұсқасы, олардың бірі дұрыс.
Емтиханның оң нәтижесі: 50 балл және одан жоғары (100 балдан)
Lorem ipsum dolor sit amet consectetur?
Жауап мәтіні.
Lorem ipsum dolor sit amet consectetur?
Жауап мәтіні.
Lorem ipsum dolor sit amet consectetur?
Жауап мәтіні.
Lorem ipsum dolor sit amet consectetur?
Жауап мәтіні.
Lorem ipsum dolor sit amet consectetur?
Жауап мәтіні.
Lorem ipsum dolor sit amet consectetur?
Жауап мәтіні.
Lorem ipsum dolor sit amet consectetur?
Жауап мәтіні.
Lorem ipsum dolor sit amet consectetur?
Жауап мәтіні.